Шымкенттік параспортшы Дәулет Садықовтың спортқа деген сүйіспеншілігі ерекше. Ол жалғыз аяқпен жүгіріп жүріп волейбол ойнағанда алдына қара салмайды.Шаршы алаңдағы әбжіл қимылы мен ерекше тәсілі арқылы ол әлеуметтік желі жұлдызына айналды.Параспортшы өзінің осындай әрекетімен жастарға мотивация силап жүр.Тағдыр тауқыметіне қарсы тұрған жас жігіттің арманы параспорттан ұлттық құрама сапында өнер көрсету.
Дәулет Садықов кішкентайынан секіріп, волейбол ойнайды. Тіпті 16 жасында кәсіби шеберлер тең дәрежеге алаңға шығып, үздік ойын көрсеткен. Бірақ 2019 жылы ауыр сырқаттан бір аяғынан айырылды. Бұл жағдай оны спорттан қашырған жоқ. Керісінше паралимпиада чемпионы болуға жігерлендірген. Қазір өзі сияқты жандарға мотивация болсам деген мақсатын да күшейткен.
ДӘУЛЕТ САДЫҚОВ, ПАРАСПОРТШЫ
- Мен Алматыда ойнап жүргенде Шымкенттікіне және Тараздыкіне шақырып жүрдім. Енді қазір Тараздыкіне шақырып жатыр құрамаға. Волейбол өмірімнің бір бөлігі болып кеткен қазір. Әлеуметтік желілерге өз видеоларымызды салу арқылы өзім сияқты азаматтарға үлгі болғым келеді.
Бір аяқпен жүргіліп, допты ұршықша иірген жүрген Дәулеттің видеосын әлеуметтік желіге досының бірі жүктеп жіберген. Содан бері ол TikTok платформасының нағыз жұлдызы. Видеолары млн-дап қаралым жинайды. Қасындағы достары да оның жігеріне қарап, қайран қалады.
ДӘУЛЕТ САТЫБАЛДИЕВ, ДОСЫ
- Бізбен қатарлас ойнайды. Бізден артық ойнамаса, кем ойнамайды. Оған мен сенімдімін. Ол атакующий болып та ойнай береді, подачаны да жақсы береді. Ол осы қалпымен жастарға үлгі болады.
Дәулеттің басты мотиваициясы – өз-өзіне деген сенімділігінде. Сонысымен команданың нағыз бүтін мүшесі. Параспортшының ендігі арманы – әлем спортын бағындыру. Егер сәті түссе, ұлттық құраманың қатарына кіріп, 2028 жылғы Паралимпиадаға қатыспақ. Бұған мүмкіндік те туған. Қазір Шымкентте паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлеріне арналған заманауи спорт кешенінің құрылысы басталған. Ғымарат қолданысқа берілгенн күннен бастап Дәулет дайындығын еселей түспекші.