Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар мен Аналар кеңесі мектеп оқушыларымен кездесті. «Адал азамат» және «Салауатты сана» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара жастар тәрбиесіне арналды.


Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің мүшелері кездесуді Түркістан қаласындағы №8 Нәзір Төреқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептен бастады. Мектептегі жиынның мақсаты - жас ұрпақтың бойына адалдық, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихатта, қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды алдын алу.


СОЗАҚБАЙ ӘБДІҚҰЛОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Кездесудің негізгі маңызды мағынасы адал азамат. Басқа да жастардың тәрбиесіне байланысты әр түрлі саланың мамандары жұмыстары болашақта жастарды тәрбиелеу маңызды екеніне тоқталды. Президентіміз құрылтайда айтқан болатын Адал еңбек, адал табыс, Адал азамат біздің болашағымыз жастар. Сондықтан жастармен көп кездесіп бұларды адал азамат қылып тәрбиелеуге үлкен мән беру керек.


 Іс-шарада спикерлер ұрпақ тәрбиесі ел болашағының кепілі екенін атап өтті. Сонымен қатар тәрбиелік жобалардың маңызына тоқталып, адалдық, тәртіп, білімге ұмтылу мен салауатты өмір салты табысты тұлғаның негізі екенін айтты.


 ГҮЛСАРА ТОҚҚҰЛОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Мемлекетіміздің тіліміздің тұғырлы болуы мемлекеттің жастар алдындағы болашақ осы республикамыздың негізін қалайтын осы жастар алдында үлкен мақсат міндетті дұрыс қоя білуді үйрету. Олардың өзінің парызын, отбасылық құндылықтарды, тілін дәріптеу, достықты бірлікті дәріптеу мақсатында кездесулер өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар тәрбиенің құндылығы отбасынан басталады. Біз өмір бойы ата-анаға қарыздармыз.


Кездесу барысында оқушылар өз ойын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Ашық форматтағы сұхбат жас буынның ой-өрісін кеңейтіп, өмірлік бағдарды дұрыс таңдауға ықпал етпек.