Бүгін Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде жаңа Конституция жобасына арналған ашық пікірталас өтті. Кездесу барысында жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, конституциялық реформаның маңызы мен мазмұны түсіндірілді. Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру, басқару жүйесін жетілдіру, адам құқығын қорғау- басты бағыт ретінде белгіленген. Басқосуға жиналғандар аталған жаңашылдықтарды талдап, қолданыстағы заңнамамен таразылай салыстырды. Кездесуде тіл мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қала әкімінің орынбасары мемлекеттік тілдің мәртебесін айшықтап, маңызына тоқталды.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазақша мәтін мен орысша мәтін қатар тұрса, ең әуелі қазақ тілі негізгі алынады.Бұл Ата Заңымыздың ана тілде жазылғанын көрсетеді.06:22-06:35 Тіл бірінші кезекте өзімізге қажет.Тіл мәселесін басты назарда ұстауымыз керек.
Жаңа Конституцияның қазақ тіліндегі нұсқасы жеңіл тілде жазылған. Бұл заңның мәнін тереңінен қабылдап, құжатты оңай түсінуге мүмкіндік береді. Жиынға қатысқан білім алушылар да тіл – мемлекеттің табан тірейтін темірқазығы екенін айтады.
ШОХБЕК ИРИСМАТОВ, Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
Мемлекет басшысы атап өткендей, әрбір адам өз тілінде сөйлеуге міндетті.Әр ел тұрғыны өз тілін құрметтеуі керек.Мемлекеттік тілді қадірлеу біздің қасиетті парызымыз деп ойлаймын.
Жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысы мен заман талабына сай әзірленіп, мемлекеттің құқықтық негіздерін жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат ретінде бағаланады. Ата Заңда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені нақты бекітілген. Сондай-ақ, талқылауда білім, ғылым және инновация елдің басты стратегиялық бағыты ретінде айқындалғаны атап өтілді.
ҚАНАТБЕК КЕМЕЛБЕКОВ, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Орын алып жатқан өзгерістің бәрі қоғам дамуынан туындап отыр.Мемлекет басшысы өз Жолдауында үш жыл ішінде цифрлы мемлекетке айналу қажеттігін жеткізді. Біз де көштен қалмау қажетпіз.
Айта кетейік, ұсынылып отырған жоба кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Қатысушылар бұл құжат елдің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болатынын жеткізді.