Шымкентте аясында  27 ескі лифт жаңасына ауыстырылып жатыр.   Жалпы біраз көпқабатты үйдегі жеделсатылардың техникалық жағдайы мәз емес. Жиі істен шығады. Мұны тексеріс жүргізген жауапты мекеме мамандары анықтаған. Бұл мәселе қалалық ішкі нарықты қорғау жөнінде ахуалды штабтың кезекті отырысында айтылды.

 Штаб отырысында «Лифттердің қауіпсіздігінің» сақталуы  жөнінде бір ғана мәселе талқыланды. Кеден одағының техникалық регламентіндегі лифттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айтылды. Жиында әсіресе Түркия елінен жеткізілетін жеделсатылардың сапасы сын көтермейді деп отыр.


ЕҢЛІК ЖАНТАЙ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Түрік елінен келетін жеделсатылардың жағдайы кішкене нашарлау болып тұр. Сол бойынша алдағы уақытта жұмыс жасайтын боламыз. Қай жере орналастырылған сол шағынаудандарға барып тұрғынүйлердің ахуалы, құжаттарын бақылайтын боламыз. Одан кейін эксплуатация жұмысымен жергілікті органдар айналысатын болады.  02-07/02-15 Жергілікті атқарушы органдаржауапты ғой жөндеу жұмыстарына. Сол кісілердің жасаған мәліметіне сүйеніп айтып отрымын.


Көпқабатты үйлерге орнатылып жатқан жеделсатылардың техникалық сәйкестік сертификаты болуы керек. Құрылғы қолданар алдын міндетті түрде акредиттеуден және арнайы лобараториялық сынадамдан өтеді. Бұл лифттерді қолданған кезде қауіпсіздігіне кепіл береді.


 МӘЛІК АБДІНҰРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әр жыл сайын эксплуатация жасайтын мекемелер әр лифт яғни келісім шарт бойынша техникалық қорытынды беру керек. Ол жарамды ма жарамды емес па? ЖАрамды болса эксплуатация жалғасады, болмаса ақаулар болса өз күшімен жұмыс атқарады. Ауыстыру күрделі жұмыстары болатын болса онда мемлекетте екі жолы бар. Біріншісі тұрғындар өз қаражаты арқылы ауыстыру, өл өте қиын мәселе. Екінші жолы мемлекет тарапынан жаңғырту бағдарламасы арқылы. Қаладағы лифттілердің 99 пайыз осы бағдаорламамен ауысады.


Қазіргі таңда қалада 1441 жеделсаты бар. Оның 1113-і тұрғынүйлерде болса, денсаулық сақтау мекемелерінде 60, білім беру ұйымдарында 63. Ал, әлуметтік және қоғамдық орындарда 205 жеделсаты жұмыс істеп тұр.
КСМ: 2025 жылы 208 лифт сынақтан өткізіліп, оның 177 не қолдануға  рұқсат етілген. «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасымен биыл 23 жеделсаты жаңасына ауыстырылады.