Мегаполисте дүниежүзілік сайлау күніне орай жастармен кездесу өтті. «Сайлау – ел болашағына арналған сенімді қадам» атты жиында жас буынның саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымы талқыланды. Студенттер «референдум», «сайлау жүйесі» сынды терминдермен танысып, ақпарат алды. Толығырақ әріптесім тарқатады.
Қалалық сайлау комиссиясының мәліметінше, мұндай ақпараттық кездесулер студенттердің құқықтық сауатын арттыру мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Онда сайлау жүйесінің тәртібі, дауыс беру үрдісі және азаматтардың міндеті түсіндіріледі. Мамандардың айтуынша, сайлау демократиялық жүйенің айқын көрінісі.
Шараға қатысушылар өз пікірін білдіріп, ел болашағына қатысты жауапкершілікті сезінетініндерін айтты. Пәленшеев Пәленше пікрінше бұл бастаманың басты мақсаты - жас буынның азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы жас сайлаушылар клубтарына арнайы назар аударып отыр. Қазіргі таңда елімізде мұндай 248 клуб жұмыс істейді, оның 6 Шымкентте. Оларға қатысу жастардың қызығушылығына қарай ерікті түрде жүргізіледі.