Түркістан облысы қысқа мерзім ішінде   экономикалық  өсім бойынша республикада  үздік үштікке енді. Бұл көрсеткіш  өңір әкімдігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында айтыолды. Сонымен қатар жиында 2025 жылы атқарылан жұмыстар қорытындыланды.


2025 жылы өндірілген  өнім көлемінің сомасы 1226 млрд теңге болып отыр. Бұл өсім көрсеткіш бойынша 100 пайыздан асады. Қуаңшылық пен жауын-шашынның аз болуына қарамастан, облыс республика көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде бірінші орында.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ
Сондықтан, орынбасарларыма аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшылары әрбір индикатордың толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды мерзімінде қабылдауды тапсырамын. Көш соңындағы үш аудан, қала мен басқарма басшыларына тәртіптік шара қаралады. 2026  жылға бекітілген индикаторлар мен тапсырмаларды сапалы орындау үшін жұмысты күшейтіңіздер. Мақсат – өңірдің экономикалық әлеуетін көтеру, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және барлық салада жоғары нәтижеге қол жеткізу


Жиында аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардың жұмысының тиімділігі де бағаланды. Ол  9 блок пен 97 индикатордан тұрады. Рейтингтің көш басында Сауран, Жетісай және Созақ ауданы тұр. Кентеу және Арыс қалалары соңғы орынға жайғасты.


 ГҮЛФАРИ ӘЖІМЕТОВА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың қызметтік тиімділігі жан-жақты бағаланды. Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Гүлфари Әжіметованың айтуынша, бағалау жүйесі 9 блоктан және 97 индикатордан тұрады.


Жиын барысында елімізде басталған Конституциялық реформа мәселесі де қозғалды. Жаңа Ата заң жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және әділетті, ашық әрі құқықтық мемлекет қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.