AMANAT партиясы «Таза Бейсенбі» жобасын бастағалы екі жылға жуық уақыт өтті. Осы аралықта олар 90-нан аса сенбілік ұйымдастырып, 80 тоннадан аса қоқыс жинады. Тал-дарақты ақтап, көше орындықтары әрледі. Көшет отырғызып, ағаш түптерін қопсытты. Игі іске еріктілер мен тұрғындарды да жұмылдырып, экологиялық мәдениетті ұштауға үлес қосты.
Кезекті сенбілік Абай ауданы аумағында өтті. Оған коммуналдық қызметкерлер мен партия мамандар және 20-дан аса ерікті қатысты. Олар қоқыс жинап, белгіленген аумақты тазартты.
Бекзат Ислам - студент. 2 жылдан бері еріктілікпен айналысады. Осы аралықта ол түрлі қайырымдылық шараларына қатысып, қажет еткенге қол ұшын созған. Экологиялық акцияға да жүйелі қатысып, қоршаған орта тазалығына үлес қосып келеді.
Айта кетейік, Қызылордада өткен ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» ұлттық идеологияның ажырамас бөлігіне айналғанын айтты. Президент эко акция бір реттік науқан емес, азаматтық дағды болуы қажетін меңзеді.