Түркістанда таеквондодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Елдің түкпір- түкпірінен келген жүздеген спортшы татамиде өз шеберлігін дәлелдеп, ұлттық құрама сапына енуге таласты.
Жарыс Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде ұйымдастырылды. Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан келген 700-дей жас спортшы қатысты. Ұлдар мен қыздар 20 салмақ дәрежесі бойынша татамиге шығып, өзара бақ сынасты. Айтып өтейік, ел чемпионатында Түркістан облысының 71 спортшысы өңір намысын қорғауда. Ел біріншілігі сәуірде қорытындыланады. Онда Ташкент қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады. Рухани шаһардағы біріншілік 5–8 ақпан күндері өтеді.
НҰРСҰЛТАН АБЛАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІН ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл чемпионаттың мақсаты алдағы уақытта әлем чемпионатына іріктеу.Таеквондо WT қарқынды дамуда қазір. Құдай қаласа Түркістан облысы 2 алтын жүлде алады деген ниеттемін.