Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы басталды. Маңызды шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, нысанның капсуласын салу рәсімін өткізіп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ордабасылықтарды қуанышты сәтпен құттықтады.
Темірланда бой көтеретін перинаталдық орталық жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары деңгейдегі заманауи медициналық көмек көрсетеді. Бұл – ана мен бала денсаулығын сақтап, демографияны жақсартуға серпін беретін маңызды бастама.
Ғимараттың жалпы алаңы 34 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жүргізілетін жер телімінің жалпы аумағы – 8 гектар. Айтыып өтейік ордабасылық қыз-келіншектер жүктілік және босану бойынша көбіне Шымкент қаласының перзентханаларына жеткізілетін.
Өткен жылы өңірдегі шалғай елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылып, ел игілігіне берілді. Ал бүгін Темірлан ауылында 200 орындық облыстық перинаталдық орталықтың уақыт капсуласы салынуда. Бұл медициналық мекеме болашақта Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Арыс қаласының тұрғындарына қызмет етеді.