Әл-Фараби ауданына қарасты 450 борышкердің 900 млн теңге берешегі бар. Оның 270-і жұмыссыз. Осыны ескерген жауаптылар жұмысы жоқ алимент төлеушілерге жұмыс ұсынды.


Жәрмеңке барысында борышкерлерге 30 кәсіпорын бос жұмыс орындарын таныстырды. Екі қолға бір күрек тапқандардың бірі - Сергей Ходячик. Оның төлеуі тиіс 5 млн теңге алимент қарызы бар. Оны өтеу үшін енді ол жауаптылар тауып берген кәсіппен шұғылданбақ.


 СЕРГЕЙ ХОДЯЧИК , ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ  
– «Жұмыс тауып бергендерге алғысым шексіз! Енді осы кәсіпорында жұмыс істеуге ниеттімін. Мамандығым электрик. Бірақ, қызмет талғамаймын. Жаңа қабілеттерді игеріп, кез-келген тапсырманы орындауға дайынмын.»


Жұмыс орын ұсынған компаниялардың бірі – «Назар текстиль.» Олар борышкерлерге кәсіпорын базасын аралатып, қызмет барысын таныстырды.


СӘБИТ ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 – «Кәсіпорында қандай бос жұмыс орындары бар. Жұмысшылар қандай жұмыспен айналысады, келушілер соны өз көздерімен көрді.»


Жәрмеңке «Оңтүстік» индустриялды аймағында өтті. Мұндағы кәсіпорындарға көбіне-көп мейірбике, технолог көмекшісі, тоқыма станогының операторы және персоналды мамандар қажет. Мәселен, тап қазір Balabi textile фабрикасында осындай 13 бос ваканция бар. Тіпті олар мамандығы жоқ борышкерді оқытып, жұмыс беруге дайын.


АЙНҰР ЕГЕМБЕРДИЕВА, BALABI TEXTILE ФАБРИКАСЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ
– «Арнайы кәсіптік оқыту бізде қарастырылған.»  «Ол жақта біз 3 ай бойы оқытып, сертификат береміз. Шәкіртақы төленеді. Сертификат алғаннан кейін оларды тұрақты жұмыспен қамтимыз.» 


 Былтыр 600-ден аса мамандығы жоқ Шымкенттік оқыту курстарынан өтіп, қызметке орналасқан. Ол үшін ниеттілер «Мансап» орталығына өтінім жолдап, жұмыссыз ретінде тіркелген.


НҰРБОЛ ШЫМКЕНТБАЕВ,  ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Мансап» орталығына өтінім жиналады. Оны «Еңбек мобильдігі» орталығына беріледі. Оны арнайы комиссия қарайды. Оқу курсының қалай өтетінін, қай жерде өткізілетінін, қандай мұғалімдер сабақ өтетінін бекітеді.»


 Айта кетейік, бүгінде қаладағы 1313 мекеме 2500-ге жуық бос жұмыс орынын ұсынып отыр. Оның қандай қызмет екенін, нендей қағаз-құжат талап ететінін Enbek.kz порталы арқылы біліп, танысуға болады.