Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы мегаполисте қызу талқылануда. Бұл жолы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің қатысуымен қалалық ардагерлер кеңесі ата заң жайында ой қозғады. Жаңа жоба егжей-тегжей түсіндіріліп, қариялар келіспейтін тұстарын жасырып қалмады. Тақырыпты тілші тарқатады.
Кездесу барысында қазіргі қолданыстағы Конституцияның тарихи рөліне ерекше айтылды. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қабылданған Ата заң елдің бірлігі мен тұтастығын сақтауға, қиын сын сағаттарында қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлкен үлес қосты. Ол – мемлекетіміздің қалыптасу кезеңінде маңызды миссия атқарған құжат. Дегенмен, уақыт пен заман өзгерісіне сай құқықтық жүйенің де жаңғыруы – заңды құбылыс.
БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Адам құқықтарының мызғымастығы. 12-18 баптарда анықталған. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге туғаннан тиесілі. Және олар абсолют деп танылады.
Ата заңның мемлекеттік тілге қатысты бабы қызу талқыға түсті. Ардагерлер бір ғана мемлекетті құраушы ұлттың тілі тұру керек деген ойларын жасырмады. Сәрсен Абайұлы Конституцияның мемлекеттік тіл мен жер мәселесіне қатысты баптары жөнінде қоғамда әдейі бұрмаланған пікірлер таралып жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа жобадағы бұл нормалар ұлттық мүддені әлсіретуге емес, керісінше, елдің тұтастығы мен егемендігін нығайтуға бағытталған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тағыда қайталап айтайын қазақ тілі түптің түбінде өз тұғырына қонады. Мемлекет басшысы Ассамблеяның 30 жылдық тойында қазақ тілі ұлт аралық тілге айналды деді. Кешегі өткен құрылтайта қазақ тілі халықаралық тілге айналады деді. Одан артық не керек бізге. Өзіңді өзің мықты ұста көршіңді ұры тұтпа дейді.
Жаңа Конституция жобасының кіріспесінде қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы, егемендік, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықтың мызғымастығы айқын көрініс тапқан. Негізгі заң «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарына сүйене отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын алдыңғы орынға қояды. Конституцияның екінші бөлімі азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін теңгерімді түрде бекітуді көздейді.