Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес заңсыз саудагерлерге айыппұл салынады. Бұл базар сыртын жағалай орналасқан жабайы саудамен айналысатындарға қатысты полиция қызметкерлерінің қолданатын шарасы. Аталған мәселені шешу үшін Қырғы базар аумағында ретсіз саудаға қарсы рейд өтті. Шараға Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мұрындық болды. Тақырыпты оқиға орнына барып қайтқан әріптесім Әсел Медеу жалғастырсын.

 Рейд Әл-Фараби ауданы бойында орналасқан«Қырғы»базар маңында жалғасты.Жалпы бұл жерге қалаға жақын орналасқан аудандардан келген саудагерлер  өз тауарларын сатуға дағдыланған. Сатушылар аяқ жол мен жол жиегін  жайма базарға айналдырған.Рейд барысында азаматтарға ескерту жасалып, арнайы белгіленген жерлерде ғана сауда жасауға болатыны туралы айтылды.


 ЕРНАР ҚОШАНОВ – ӘЛ-ФАРАБИ АПБ ҚҚБ БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ
Енді біздің полиция қызметкерлерінің міндеті ескерту және айыппұл салу және әкімщіліктенде осы жерге қызметкерлер бөлінді, ескертеді. Бірақ енді біз заттарын алып кете алмаймыз.Тек қана айыппұлмен шектеліп жатырмыз. Біздің ендің мақсатымыз айыппұл салу емес, мақсатымыз жабай сауда яғни жол тартуарларын жауып тастамау керек.

Көше бойында азық-түліктен бастап тұтыну тауарлары, тіпті нан сатып жүрген азаматтар да  бар. Бұл күнделікті үйреншікті жағдайға айналған. Рейд кезінде біршама саябырсып қалады. Құзырлы орган мен әкімдік өкілдері кеткен соң қайта таз қалпына түседі.Біз тұрсақ тегін тұрмаймыз. Ретсіз болса да ақша төлейміз.Сондықтан бізге арнайы жер бөліп, жадай жасап берсе екен дейді саудагерлер.   


АЗИЗА ГАФУРОВ, САУДАГЕР
Біз ешкімге ештеңеп бермейміз. Өйткені беретін ақшамыз жоқ. Бұл жерде халық өз күнін әрең көріп отырған адамдар.Енді заңды жер жоқ қой бізге. Базарлардың бәрін сатып алғанбыз біз. Местоны сатқан Бірақ бізде сауда қатты жүріп скеткен кезде сендерге жалоба түсіп жатыр, орын толдып қалды деп босатыңдар деді. Мен 4 базардан орын алдым, көрсетіңіз телевидениеге. Бірақ біден ол орындарды қайтып тартып  алып қойды.

Жұрттың жан –айқайына құлақ асқан базардың әкімдік қызметкерлері жабайы сауданы тоқтатып,сатушыларға жағдай жасау үшін орын бергендерін де атап өтті.

ҚАЙСАР ШАЙМАНБЕК, ОРТАЛЫҚ ҚЫРҒЫ БАЗАР ӘКІМШІСІ
 Әркім өз жағына қарай тартады. Бізді қуып шықты дейді. Базардан ешкім қуып шықпайды. Әкімшілік тарапынан бізге ескертілген. Сыпттағы жабайы саудада тұрған адамдарға орын беріңіздер деген. Біз бергенбіз. Тұрмаған өздері.  Әлеуметтік қатар берілген, 6 айға тегін. Ол қатарда бұл кісілер сауда жасай алмайды. Өйткені іште адамның жүруі аз.

Рейд барысында полиция қызметкерлері ай сайын базарға тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұратынын атап өтті. Тіпті ӘҚБТк 204 бабы 1 бөлігінде көрсетілгендей бірінші 5 АЕК Ннемесе ескерту салынады, ал бір жыл ішінде қайталасанса 410 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бірақ халық тегін жерде тегін сауда жасауға үйренген дейді базар әкімдігі.