Қала әкімі бұрынғы «Фосфоршылар» мәдениет сарайына барды. Нысанның орнында салынып жатқан жаңа Мәдениет сарайы ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Жоба демеушілік қаражат есебінен, «Сәби» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.


Алдағы уақытта жаңартылған нысан бірнеше хабты біріктіретін көпсалалы орталыққа айналып, қала тұрғындары үшін креативті және білім беру кеңістіктері қолжетімді болады. Аумақты кешенді абаттандырудың маңыздылығына тоқтатылып, жауапты тұлғаларға құрылыс сапасы мен мерзіміне қатаң бақылау орнату қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар «Қазақстандық металл конструкциялары зауыты» ЖШС-ге барды. Кәсіпорында металл конструкциялары, ауыл шаруашылығы техникасы, крандар, болат үштіктер, мұнай-газ құбырларына арналған диагностикалық және тазалау жабдықтарын іске қосу мен қабылдау камералары өндіріледі. Мұнда 65 жұмыс орны ашылған, жыл сайын 300-ге дейін түрлі өнім шығарылады. Зауыт басшылығымен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру үшін аумақты кеңейту мәселесін талқылады. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жобаны іске асыруға қолдау көрсетіп, мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз етуді тапсырды.