Сарағашта 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысы басталды. 10 гектар аумаққа орналасатын ғимарат үш қабаттан тұрады. Жаңа нысанда тек жергілікті халық ғана емес, Аурухана тек Сарыағаш қаласының тұрғындарына ғана емес, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт және Шардара аудандарының тұрғындарына да қызмет алалады.


300 орынға есептелген аурухана үш үш негізгі блоктан тұрады. Онда хирургиялық, терапиялық және перинаталдық бөлімшелер болады. Медициналық кешен заманауи жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Аурухана тек Сарыағаш қаласының тұрғындарына ғана емес, көршілес жатқан аудан халқына да  қызмет көрсетеді.


ӘДІЛБЕК ЕСЕНБЕКОВ, МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Осы нысан өз кезегінде дер кезінде пайдалануға беріледі деп сенімдеміз. Елімізде осындай ғимараттар салынаб ерсін. Ел аман жұрт тыныш болсын қуанышымызда шек жоқ.


Жаңа аурухана 10,4 гектар аумақта орналасады. Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 70 мың шаршы метрден асады. Жобаның жалпы құны – 74,5 млрд теңге. Мердігер мекеме өкілдері құрылысты 2027 жылдың желтоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.


 АСХАН БАЙДУВАЛИЕВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Біздің республикамызда осындай 9 нысан салу жоспарланған. Соның екеуі Түркістан облысында. Күні кеше біз Ордабасы ауданындатура осындай рәсім бастап капсула салып құрылысты бастады. Жоспар бойынша енді 21 айдың ішінде осы ғимарат бой көтеру керек. Заманауи құрал жабқтармен жабдықталған. Аурухана ішінде 150 орындық перезентхана болады. Үшінші деңгейдегі сол перзентхана ішіндегі балаларға араналған неанотология бөлімі де болады. Тағы 150 орын хирургиялық кардиология инсультті бөлімдерге арналған.


Әлеуметтік нысан құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсмырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңа медициналық кешен облыстың денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған.


 НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұл аурухана мыңдаған тұрғынға үміт сыйлайды, жүздеген отбасының амандығын сақтауға үлес қосады және өңірдегі медициналық қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтереді. Дені сау ұрпақ – елдің ең басты байлығы. Сондықтан бұл аурухана тек ғимарат емес, бұл – мыңдаған адамның үміті, жүздеген отбасының амандығы. Жаңа аурухана уақтылы әрі сапалы салынып, ел игілігіне жоғары деңгейде қызмет ететін, шипа мен сенім ордасына айналады. Баршаңызға зор денсаулық, табысты еңбек, әр отбасыға жақсылық тілеймін!


Өткен жылы облыста 40-қа жуық медициналық нысан пайдалануға берілген, оның ішінде Сарыағаш ауданында 6 нысан іске қосылған. Сонымен қатар шалғай ауылдық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылып, тұрғындарға алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі артты.