Шымкентте Қазақстан азаматтарының тәжік-ауған қақтығыс аймағынан шығарылғанына 25 жыл толуыеа орай арнайы шара өтті. Тағылымды жиынға ардагерлер, әскери қызметкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен қала тұрғындары қатысып, қауіпті аймақта қызмет атқарған азаматтардың ерлігіне құрмет көрсетті.

 Шара барысында қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ел тыныштығы жолында қызмет еткен азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кездесуде сол кезеңдегі қиын жағдайлар мен бейбіт тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру операциясына қатысқан азаматтардың жанқиярлық еңбегі атап өтілді.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің басты мақсаты - ел тарихындағы маңызды оқиғаларды ұмытпай, жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру екенін жеткізді.

Шара соңында қатысушылар ел бірлігі мен тыныштығы әрдайым басты құндылық болып қала беретінін атап өтті.