Абай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқынды жүргізіліп келеді. Аудан аумағында 27 елді мекенде 55 мыңнан астам үй және 257 мыңнан астам тұрғын бар. Ауыз су, электр және табиғи газбен қамту деңгейі 100 пайызға жеткен. Алайда кейбір аумақтарда газ жүйесі жүргізілмеген тұрғын үйлер бар. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бүгінде жобалау жұмыстары қолға алынған.
Абай ауданында әлеуметтік экономикалық даму қарқынды. Тұрғындар ауыз су, электр жарығы мен табиғи газбен 100 пайыз қамтылған.
ШӘКІР СҰЛТАНХАН, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
2026 жылға ауданға 8,1 млрд теңге қаралған. Оның ішінде елді мекендерді абаттандыруға 2,9 млрд теңге, 18 ауланы жарықтандыруға 31 млн теңге, мерекелік іс-шараларға 21 млн теңге, «Абай» КММ-ға 4,6 млрд теңге бөлінді. Осы қаржы аясында 15 әмбебап алаңша, 2 ашық спорт алаңшасы, 5 гүлзар, 35 көше және 44,5 мың шаршы метр аяқ жол, 30 үйге архитектуралық жарықтандыру, мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Жол инфрақұрылымында да елеулі жетістіктер бар. Аудан көшелерінің 95 пайызынан астамы асфальтпен қамтамасыз етілген. 2025 жылы жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 255 көпқабатты үй, 32 мектеп, 9 балабақша мен 13 медициналық мекеме тұрақты жылумен
ШӘКІР СҰЛТАНХАН, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
2024 жылы аудан аумағында екі мәдениет үйі салынып пайдалануға берілді.Олар Көкбұлақ және Қайнарбұлақ мәдениет үйлері.
Ауданда көшелерді жарықтандыру жұмыстары айтарлықтай кеңейтілді. 2024 жылы жарықтандырылған көшелер саны 193 болса, 2025 жылы дұл көрсеткіш 100 пайызға жетті. Әлеуметтік нысандар да жүйелі түрде жаңартылып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Нұршуақ, Жаңатұрлан және Бозарық шағын аудандарында 4 жаңа мектеп салынды. 2026 жылы ауданға 8,1 млрд теңге қаралды. Бөлінген қаржы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталып отыр.