Соңғы жылдары Еңбекші ауданында ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Электр желілері жаңғыртылып, жаңа трансформаторлар орнатылды. Табиғи газбен қамту жұмыстары кеңейтілді. Ал кәріз жүйесін дамыту бойынша құрылыс жұмыстары әлі де жалғасып келеді.


 Бүгінде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектарды құрап, халық саны 230 мыңнан асты. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында ауданда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі таңда ауыз сумен қамту деңгейі 97 пайызға, электр жарығы - 99,8 пайызға, табиғи газ - 97 пайызға, асфальт жолдар - 96,5 пайызға жетті.


ДОСБОЛ ЕСІЛБЕК, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
 «Оңтүстік Жарық транзит» мекемесімен бірлесіп, 6,29 шақырым желіні құрайтын ескі желі мен 6 трансформаторды ауыстыру жоспарда бар.Қарабастау, Жалын, Жұлдыз аумақтарында табиғи газ жүргізу жұмысы толық аяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілді.


Ауданда жол инфрақұрылымын жақсарту да басты назарда. 2025 жылы 158 шақырымнан астам көше асфальтталды. Ал 2026 жылы тағы 29 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар салынып, ескілері жөндеуден өтті.Көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, 367 көше толық жарықпен қамтылды.


 ДОСБОЛ ЕСІЛБЕК, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Өткен жылы ауқымды жұмыстар атқардық.Жалпы 195 көшеге 158 шақырымды құрайтын асфальт төселді.Қазіргі таңда 29 көшеге жол жүргізу жұмыстарын жүргіземіз.Ескі тозығы жеткен 9 көшеде де асфальт қабаты жаңаратын болады.


Қазіргі таңда ауданда 88 ашық спорт алаңы жұмыс істейді. Сондай-ақ, қоғамдық кеңістіктер мен гүлзарлар саны артып, жаңа спорт кешендері пайдалануға берілді. Теміржол үстінен өтетін көпірлер де кезең-кезеңімен ел игілігіне ұсынылды. Аудан әкімі инфрақұрылымды одан әрі дамыту, бағытында жұмыстар жалғасатынын жеткізді.