2025 жылы Түркістан облысында интернет-алаяқтық қылмысы бойынша 843 дерек тіркеліп, жәбірленушілерге жалпы 1 млрд 665 млн 783 мың теңге шығын келтірілген.


Бұл туралы Түркістанда өткен «Интернет-алаяқтықпен күрес: талдау, практика және басым бағыттары» тақырыбындағы жиында айтылды. Басқосуда халықты сақтандыру мақсатында ақпараттық жұмыстарды жандандыру, екінші деңгейдегі банктердің және ұялы байланыс операторларының жұмысын жетілдіру жайы қозғалып, атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Мәселен 2025 жылы облыста тіркелген интернет-алаяқтық қылмыс тәсілдерінде қаскөйлер өздерін банк қызметкері, құқық қорғау орган өкілі немесе байланыс операторлары және пошта қызметкері деп таныстырғандар. Бұл жайт бойынша  бойынша 340 дерек тіркелген. Ал, инвестиция бойынша 98 жағдай орын алған. Сонымен қатар тауарға немесе қызметке алдын ала төлем  жасау бойынша 255 дерек тіркеліп, мессенджерлер арқылы танысы ретінде ақша сұрау бойынша 49 дерек анықталған. Одан бөлек, ұтыс ойындарына 47 адам алданып, алаяқтықтың өзге түрлері бойынша 54 дерек тіркелген.