Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі. «Мирас» университетінде жаңа Ата Заң жобасына арналған ашық пікірталас өтті. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы қатысып, құжаттың маңызын жан-жақты талқылады.
Кездесу барысында жаңа Ата Заң жобасының басты ұстанымдары таныстырылып, конституциялық реформаның ел болашағы үшін маңызы атап өтілді. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді. Сәрсен Абайұлы желіде тараған түрлі қауесеттердің жалған екеніе жеткізді. Оның сөзінше, жаңа жоба ең алдымен халықтың мүддесін қорғауға бағытталған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бірнеше мәселе айтылып жүр.Соған тоқталып өткім келеді. «Тегін оқу, тегін медициналық көмек көрсетілмейді» деген қауесеттер айтылып жүр.Мұның бәрі жалған екенін жеткізгім келеді.Конституция бірінші қазақ тілінде жазылған.
Басқосуда әлеуметтік әділеттілік, халықтың әл-ауқатын арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты бағыт ретінде көрсетілді. Қатысушылар жаңа жобаның қоғам қажеттіліктеріне сай әзірленгенін айтып, өз ұсыныстарын білдірді.
НҰРЖАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Қолданыстағы Конституцияда бірқатар бағыт қамтылмаған еді.Ал жаңа Конституция жобасында негізгі өзгерістер халықтық референдум арқылы ғана жүзеге асырылады.Мұнда азаматтардың құқығына айтарлықтай басымдық беріліп отыр.
Жаңа Конституция жобасы кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Қатысушылар бұл құжат елдің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам қалыптастыруға берік негіз болатынын атап өтті.