Түркістан облысының прокуратурасы ұйымдастырған «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы жалғасып жатыр. Жобаның мақсаты – балалар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу, олардың әлеуметтік және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру.


Облыстық пракуратура жоба аясында онлайн форматта кездесу ұйымдастырды. Жиынға 330 мыңнан астам оқушы мен студент қатысты. Сонымен қатар, жастар тәрбиесіне ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ата-аналар да тартылды.


 Кездесу барысында жастар тарапынан 6 мыңға жуық сұрақ түсіп, оларды облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары талдады. Жоба шеңберіндегі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, балалардың қауіпсіз әрі салауатты ортада тәрбиеленуіне бағытталатын болады.


Айта кетейік дәл осындай кездесу 2025 жылдың желтоқсан айында өткен болатын ол кезед  300 мыңға жуық оқушы қатысып, өз сұрақтарын жолдаған еді.