Қалалық №7-ші емханада ашық есік күні өтті. Дәрігерлер толық құрамда жұмыс істеп, емдік шараларды жүргізді. Тұрғындар мамандардан медициналық кеңес алып, денсаулыққа қатысты сауалдарын жолдады.
МАЙСАРАХАН БЕЙМЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Жұмыс уақыты таңғы 8-ден кешкі сағат 6-ға дейін жалғасады менде. Дәрігер қабылдауына баруға уақыт болмайды. Емхана басшылығына рақмет, осындай жағдай жасап отырған.»
Бұл күні жалпы тәжірибелік дәрігерлермен қоса бейінді мамандар да жұмыс істеді. Тұрғындарды қабылдап, аспаптық құрал-жабдықтар көмегімен жоғары технологиялық тексеріс жасады.
НҰРЛАН ЖАНАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ №7 ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІ
– Ультрадыбыстық зерттеулер: жүректің, бүйректің, бауырға зерттеу жүргізіліп жатыр.» «Қазіргі таңда балалар мен егде жастағы..» «Апа-аталарымыз келіп жатыр. Ол кісілер окулистке, лорға..» «Невропотологқа, кордиологқа келіп жатыр.»
НҰРЖАН СЕЙТАНОВ, ДӘРІГЕР-НЕВРОПАТОЛОГ
– «№7 емханада физо кабинеттеріміз бар. Сол жерде түрлі ем шаралары тағайындалады. Инсульт алған жүре алмайтын науқастардың үйіне барып ем шараларын жүргіземіз.»
Ашық есік күні барысында дәрігерлер дамылсыз жұмыс істеп, емханаға қарасты тұрғындарды қабылдады. Келушілердің қарасы көп. Бірі ультра дыбыстық зерттеу аппаратына жазылса, енді бірі окулист қабылдауына кезек алды.