31 қаңтарда жаңа ата заң жобасы көпке ұсынылды. Оған сәйкес қолданыстағы конституцияның 9 бөлімі мен 77 бабына түзету мен өзгерту енгізілген. Бұл жалпы заңнамалық құжаттың 84 пайызын құрайды. Бұған түрткі болған халық пікірі мен елдің ұсынысы. Конституцияға енген өзгертулер елдің бұдан әрі өркендеуі мен билік жүйесін одан сайын жетілдіруді көздейді. Жаңа жобаның халық талқысына ұсынылғанына да аптадан асты. Ел жаңа ата заң мәтінімен танысып, өзіндік пікір қалыптастырды. Ендіше халық пікіріне құлақ түрейік.