Түркістандық полицейлер еріктілермер бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Құрбаналиевтің жетекшілігімен ұйымдастырылып, интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша өтті.


 Тәртіп сақшылары аталған шара барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері мен олардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Полиция бөлімі ерікті жастармен бірлесіп, ауыл-аймақтарды аралап, азаматтарға ақпараттық жадынамалар таратты және сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында әрбір тұрғын өз қауіпсіздігі үшін сақтық танытып, саналы шешім қабылдауға шақырылды.