Әлеуметтік желіде қала ішінен ағып өтетін «Қошқар ата» өзені ластанып, судың түсі өзгеріп жатыр деген бейнежазба тарады. Ізін суытпай жауаптылар тексеріс жүргізіп, мәселенің түбіріне үңілді. Экологтардың айтуынша мұндай ақау су айдынына қоқыс және қалдық су төгу салдарынан болады. Сондықтан да құзырлы органдар арнайы топ құрып, тексеріс жүргізуді бастаған.


Бейне жазбадан белгілі, қоршаған орта тазалығына немқұрайлы қарайтын кейбір азамат өзен жағасын қоқыс полигонына айналдырған. Тіптен есіргендер шығындыларды өзен арнасына тастап жатады. Салдарынан емдік судың түсі өзгеріп, сапасы нашарлайды.


ДҮЙСЕН ОРАЗӘЛІҰЛЫ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Қошқара ата» өзенінің басынан аяғына дейін судың сапасы нашарлағанын байқаймыз. Өйткені..» «Қоқыс тасталады. Жасырын құбырлар арқылы да қоқыс тасталуы мүмкін.»


Мамандар, ортақ пайдаланылатын орындарды, яғни, саябақтар мен скверлерді ластап, белгіленбеген орындарға қоқыс тастағандар 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалалайтынын айтады. Егер бір жыл ішінде құқықбұзушылық қайталанса жаза көлемі 20 аек дейін ұлғаяды. Жағдайды бақылау мақсатында, прокуратура қызметкерлері мен полицейлер мобильдік топ құрып, тексеріс жұмыстарын күшейткен.  


АСҚАР АЛИМБЕКОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
 – «Бүгінгі күні осы топпен тұрғындарға және кәсіпкерлерге өзендерді ластамау бойынша, егер осындай бұзушылықтың куәсі болған жағдайда фото немесе бейнетаспаға түсіріп 8-706-667-70-17 нөміріне жіберу бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде мәселенің оперативті шешім қабылданып, заңды шара қолдануға ықпал етеді.»


 Жағдайды жан-жақты бақылау мақсатында мамандар жергілікті тұрғындарды жиып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кімде-кім өзен аумағын ластап, қоқыс тастаса жоғарыда айтылған байланыс номерлерге фото-видео дәлелдеме жолдауы қажет. Сонда ғана құқық бұзушы анықталып, жазаға тартылады.