Түркістан қаласы әкімдігі, прокуратура және полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Сталкингті тоқтат, қауіпсіздік – әр адамның құқығы» тақырыбында профилактикалық форум өтті.


 Іс-шараға Түркістан қаласы әкімдігі аппаратының басшысы Қуаныш Нұржанұлы, қала прокуроры Кәукен Бахытбайұлы және шаһар тұрғындары қатысты. Форумның мақсаты – сталкингтің алдын алу, азаматтардың жеке қауіпсіздігін қорғау және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру. Шара барысында мамандар сталкингтің әлеуметтік, құқықтық және психологиялық салдары туралы баяндады. 500-ден астам тұрғынды қамтыған форум әсерлі сахналық қойылыммен қорытындыланды.