Қала әкімі Германияның Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислер бастаған неміс делегациясымен кездесу өткізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, Шымкент пен Германия өңірлері арасындағы іскерлік байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.


Қаланың инвестициялық әлеуетіне, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне және шетелдік компаниялар үшін қолайлы жұмыс жағдайын қалыптастыруға ерекше назар аударды. Неміс іскер топтарымен серіктестік қарым-қатынасты одан әрі дамытуға, өнеркәсіп, агроиндустрия, «жасыл» энергетика, IT-технологиялар, логистика және туризм сияқты басым бағыттарда ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенімді жеткізді. Бас консулға Шымкентке жасаған сапары үшін, сондай-ақ мазмұнды әрі сындарлы диалог пен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне көрсеткен ықыласы үшін алғыс білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайту туралы келісімге келдік және өзара қызығушылық тудыратын бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенімізді жеткіздік. Қол жеткізілген келісімдер өңірлік деңгейде Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестікті кеңейтуге берік негіз болатынына сенім мол.