«Ішімдіксіз ауыл» жобасы Шымшаһарда да қарқын алып келеді.Тұрғындарды зиянды әдеттен тыйып, рухани құндылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен жобаны қолдайтындардың қатары артқан.


Сембек Битайұлы-Тұран ауданының тұрғыны.Ұрпақ тәрбиесіне ерек қарайтын ақсақал жобаның маңыздылығын тілге тиек етті.


 СЕМБЕК БИТАЙҰЛЫ, ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Халал сауда жүргізсе, ел мен шаңыраққа да береке келеді.Ішімдіксіз ауыл жобасын енгізу арқылы біз ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие береміз.


Ауданда түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіліп тұрады.Бірқатар кәсіпкер ұсынысты қабыл алып, ішімдік сатуды доғарған.Тіпті, шешімін ресми келісім арқылы бекітіпті.Нәтижесінде игі іс аудандағы үш шағынауданда қолдау тапты.


ТАЛҒАТ СӘЛІМ, ТҰРАН АУДАНДЫҚ  «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
 Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мақсатында ауданда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Қазіргі таңда үш шағынауданды қамтып жатырмыз.Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады.


Шаһарда бұл бастаманы қолдап, елге үлгі көрсетіп жүрген жандардың қатары артып келеді. Мамандар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыратындарын жеткізді.