Биыл жылыту маусымында Шымкентте 49 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан  2 адам жарақат алып, үшеуі қайтыс болды. Сонымен қатар газдан улану жайты да тыйылмай тұр. Бұл факт бойынша 3 адам қаза тапқан.  


2025-2026 жылғы жылыту маусымында өртену фактісі 39 пайызға азайған. Өткен  маусымда қызыл жалынның 81 жағдайы тіркелсе, биыл 49 жайт орын алған. Өкінішке орай адам шығыны бар.


 РАУАН ОРДАБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.У.А
Бізде жылыту маусымы басталғалы бері 2024-2025 жылмен салыстырған кезде 81өрт оқиғасы орын алса қазіргітаңда 49 оқиға орын алып отыр. Сол себепті пайызбен санағанда 39 пайызға төмендеген. Жыл басынан бері 2025 жылы жыл басында 43 өрт оқиғасы орын алса, 2026 жылы 25 өрт оқиғасы орын алып отыр. Бұл 42 пайызға төмендеген.


Сондай-ақ жыл басынан улы газдан улану фактісінің 27 жайты орын алған.  Бұл жайт бойынша зерттеу жұмысы жүріп жатыр. Ал, 8 ақпан күні күншығыс шағынауданындағы үйлердің бірінде 3 адам алдын ала болжам бойынша газдан улы уланып көз жұмған.


МӘЛІК АБДІНҰРОВ, ҚnnnАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Восток шағынауданындағы 8 үйдің 9 пәтерінде осындай оқиға болды. 3 адам қайтыс болды. Соның ішіндегі 1965, 1986 жылдардағы әйел кісілер, және 2012 жылғы бір бала. Қазіргі таңда қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала бойынша улы газдан улану деп айтып жатырмыз. Талап бұзушылық бар. Зерттеу кезінде газ плита мен газ колонканы талап ережелерін бұзумен лоджаға шығарған. Соны угар деп айтып жатырмыз. Бірақ бұл алдын ала болжау.


Төтеншеліктер профилактикалық іс-шара барысында газ қазандықтары мен су жылытатын құрылғыны қауіпсіз пайдалануына, түтін және желдету желілерінің жағдайына бақылау жүргізеді.


  РАУАН ОРДАБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.У.А
Аудандық әкімдіктердің мәліметіне сәйкес қала аумағында тұратын 1 073 әлеуметтік осал топтағы отбасылардың тізімі қалыптастырылды. Профилактикалық іс-шаралар барысында 123 газданғандықты анықтайтын құрылғы орнатылып, 55 тұрғын үйде мұржалар тазартылды.


АЙта кетейік, жылыту маусымы басталғалы төтеншеліктер қала аумағында 62 589 тұрғын үйді аралап 148 385 адамға өрт және улы газбен уланудың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді.