Түркістан облысында асфальтбетон шығаратын зауыттардың 90 пайызы талапқа сай емес. Олқылықпен шыққан өнім жол сапасына тікелей әсер етеді. Осылай деп Ұлттық сапа орталығының мамандары кәсіпорындардың жұмысын сынға алды. Тақырыпты тілші тарқатады.
Түркістан облысында 29 асфальтбетон зауыты бар. Оның бесеуі қазіргі таңда жұмыс істемейді. Ал 20 кәсіпорынның құжаттары түгел емес. Кейбірінде шығарылып жатқан асфальтбетон қоспаларының сапа сертификаты жоқ. Бұл кемшіліктер орталық жүргізген мониторинг жұмыстарын кезінде анықталған.
ҚАЙРАТ ШАКІРОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» РМК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Кемшіліктер адами факторлардан десек болады. Зауыттан шыққан асфальттың барлығын оператор басшылары қадағалап жіберу керек. Обьектінің басында келген асфальтты өз гардусында температурасын сақтап құю керек.
Тексеру кезінде 120 кемшілік анықталған. Асфальтбетонды қоспа- жол құрылысына қажетті аса маңызды материал. Оның талаптарға сай болмауы- автожол сапасына әсер етеді. Сондықтан мамандар асфальт қоспасын әзірлеу, сұрыптау, сынақтан өткізу тәртібін ұстану бойынша түсіндірме жүргізеді. Ескерту алған мекемелер олқылқтарды жойып жаңа маусымға дайындалуда.
АЛЕКСАНДР ЕМЕЦ, ТҮРКІСТАН АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Эколгиялық талаптар бойынша ескерту алғанбыз. Арнайы мамандарды шақырып тексеру жүргіздік. Нәтижесінде құрылғылардың сүзгісін ауыстырып талаптарға сәйкестендірдік. Сыртқа шығатын шаң азайды.
Асфальт-бетон дайындайтын зауыттардың жұмысы белгілі-бір тәртіпке негізделуі тиіс. Яғни, қоспа бекітілген рецептурамен шығарылады. Температурасы да белгілі-бір нормадан аспауы керек. Ал, асфальтты жолға төсеу барысындағы технологиялық процестердің сақталуы сапаға тікелей әсер етеді. Әзірге мұндай талапқа бір ғана зауыт жауап беріп, орталыққа тиісті құжаттарын ұсынған. Қалған зауыттарға мониторинг жүргізу жалғасып жатыр.