Түркістан қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен №34 мектепте құқық қорғау органдарының ардагерлері жас өренмен кездесті. «Заң және тәртіп құндылықтары» атты тақырыппен өткен жиынға оқушылар мен студенттер қатысты.


 Іс-шара жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрмет сезімін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған. Кездесу барысында құқық қорғау органдары ардагерлері қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Прокуратура өкілдері жастарға өз құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіріп, заң талаптарын сақтаудың әрбір азамат үшін маңызды екенін айтты.  Сонымен қатар, оқушылар мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді, - дейді ұйымдастырушылар. Түркістан қаласының прокуратурасы алдағы уақытта да жастармен құқықтық бағыттағы іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.