Биыл қоғам қайраткері этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 95 жыл. Осыған орай ел ағасының атымен аталған Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университетінде «ұлт мәдениетін ұлықтаған тұлға» атты мәдени іс-шара өтті.
Өзбекәлі Жәнібеков ұлттық құндылықтарды, мұражай ісін, халық қолөнерін дамытуға үлкен үлес қосып, «рухани көсем» ретінде қазақ мәдениетінің жойылып бара жатқан элементтерін қайта тірілткен жан ретінде көпшіліктің есінде қалған. Арда азаматтың 95 жылдығына орай биыл түрлі іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
ӘЛІБЕК НҰРТАЕВ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫ
Биылғы жыл ағамыздың 95 жасқа толуына байланысты жыл бойына тойлдап іс-шарамен өткізетін боламыз. Осы жылға байланысты 95 іс-шарамен өтетін болады. Іс-шараны университетіміздің қабырғасынан юастағалы тұрмыз. Мұндағы мақсат ағамыздың елейлі еңбегін жастарға насихат қылып, келешкете жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосады деген сенімдеміз.
Биыл ұлт мәдениетінің жанашырына арнап айтыс және ақындар мүшайрасы өткізу Мәдени іс-шараға еліміздің әр өңірінен жас ақындар қатысады деп күтілуде.
НҰРҒАЛИ ҚАНАПИЯ, АЙТЫС ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Алдағы уақытта Ө.Жәнібековке арналған бірнеше байқаулар өтеді. Атап айтсақ, ақындар мүшайрасы болады, бұдан бөлек бірнеше байқаулар болады. ЖЫлдың қорытындысында ақындар айтвсын өткісек деген жоспар бар. Ө.Жәнібеков атамызға арналған жас ақындардың айтысын өткізу жоспарымызда бар.
Айта кетейік, 95 жылдық аясында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университетінде көшпелі көрме өтеді. Оны Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі» тарихи облыстық мұражайы ұйымдастырады.