Газ қондырғыларын дұрыс пайдалану үлкен қауіптің алдын алады. Әр тұрғынның қол телефонына газ қауіпі жайлы жиі хабарлама келседе қалада қайғылы оқиғалар азаймай тұр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мегаполисте газдан уланудың 236 дерегі тіркеліп, 3 адам қайтыс болған. Мамандар халыққа түсініктеме жұмыстарын жалғастыруда.
Іс-шараға құзырлы орган өкілдері, Газ техникалық инспекция бөлімінің мамандары және Еңбекші аудандық әкімдік пен төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері қатысты. Олар қала тұрғандарына газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу үшін үгіт насихат жұмыстарын жүргізді Сонымен қатар тұрмыстық газ баллондарды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша да мағлұмат берді.
НҰРҒАЛИ ТӨЛТЕБАЕВ, ГАЗ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Бпарлық үйге кіріп түсініктеме жұмыстарын жүргізіп уланудың алдын алу бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргіздік. Егер газдың иісі шығып утечка болып жатса 104 ке звондаңыздар.
Мамандар жылыту маусымы алдында үй ішілік газ жүйелерін тексеріп, тұрғындарға қазандық пен құбырды тазалау керектігін ескерткен. Қарапайым талаптар оғыс оқиғалардың алдын алады. Шымкенттіктерге сұйық отын жеткізетін ірі компания «КазТрансГазАймақ» АҚ. Бұл мекеме үй іргесіне дейінгі газ құбырларына жауапты. Үй ішіндегі жүйені меншік иесі қадағалауы керек. Улану фактісі осы ішкі жүйедегі ақаулардың салдарынан орын алады.
РУСЛАН ТҰРҒЫНБАЙ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚОҒАМНЫҢ ОРТА САПАСЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Аудан аумағында 11-12 мөлтекаудандарда тұрғындарға агитация жұмыстары жүргізілуде. Нақты мәселе мұржалардың тазалығы, газ дабыл қаққышын орнату, желдеткіштердің таза болуы сол бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Азаматтардың табиғи газдың техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан әр түрлі деңгейде улану жағдайлары тіркелуде. Бұл профилактикалық жұмыстың мақсаты тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілікті арттыру. Қазіргі уақытта сұйық отын халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды тұтыну ресурстарының бірі болып табалады.