Қала аумағында таңертеңнен бастап қар тоқтаусыз жауып жатыр. Қолайсыз ауа райы салдарынан талдардың құлау деректері тіркелуде. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларынан қардың түсу қаупі жоғары.
Әсіресе, көпқабатты үйлердің маңында және ағаштардың жанында жүру қауіпті болып отыр. Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.
Осыған байланысты қала тұрғындарын:
* қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға;
* ағаштар мен ғимараттардың шатырларына жақын жүрмеуге;
* балаларды қараусыз қалдырмауға;
* төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында сақ болуға шақырамыз.
Қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығына жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.