Жоғары спорт шеберлері кешенінде Пара садақ атудан ел чемпионаты басталды. Жабық кешендегі чемпионатқа 7 облыстың тірек қимыл апараты зақымданған  70 жуық спортшы қатысты.   Жарыстың алғашқы күнінде мергендер нысаналарын тексеріп қашықтықтардан атып көрді.


Мергендер сайысы 16 ақпанға дейін жалғасы. Сайыс қорытындысына сәйкес садақ ату федерециясы үздік мергендерді ұлттық құрамаға іріктеп алады. Жарысқа бас төрелік етіп отырған шымкенттік  Виталий Воробьевтің айтуынша Павлодар облысының ең үздік спортшысы Параолимпиадаға қатысқан  Александр Медведов. Сондай-ақ Азияның қола жүлдегері жетісулық  Нұршат Тілеуқасымның да жебелері нысанаға дәл тиіп жатыр. Жеңімпаздар алдағы уақытта   халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.