Шымкентте ауыр атлетикадан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Сайыста 23 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынауда. Оған еліміздің 15 өңірінен атлеттер келген.  


Араға 7 жыл  салып, Шымкентте қайта шымылдық түрген додаға Аманат партиясының қалалық филиалы мұрындық болған. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар арасында спортты насихаттауға бағытталған доданың маңызы ерек,-дейді аға буын.


 ГАДЖИ ГАДЖИЕВ, ҚР АУЫР АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Бұл чемпионат – болашақ чемпиондарды анықтайтын маңызды кезең Мұндай жарыстар спортшылардың тəжірибе жинақтауына жəне халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатуға жол ашады


Зілтеміршілер сайысына 167 спортшы қатысып жатыр. Олар 16 салмақ дəрежесінде сынға түсуде.  Сайыс соңында атлеттердің нəтижелері мен жеке көрсеткіштері командалық есепке де қосылады, Осылайша мықты жеңімпаздар анықталады.


МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ,  ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ
Шымкентте 7 жылдаг кейін ұйымдастырылып жатыр. Сəттілік тілейміз. Жеңген команда сыйақымен марапатталады.


Чемпионат 16 ақпанға дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік спортшылар əлемдік жəне халықаралық жарыстарға жолдама алады. Сондай-ақ ұлттық құрамаға қосылып, ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.