Конституцияның жаңа редакциясын қабылдау заңды ұйғарым. Қазіргі заман талабына, қоғамның сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келеді. Жаңа ата заңды талқылаған қоғамдық көлік саласының қызметкерлері осындай ой түйді.
Жаңа редакциядағы Ата заң елімізде адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны мемлекеттік қызметтің басты стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Жаңа заң тек жоғарыда емес бұкіл халық арасында кеңінен талқыланып жатыр.
ДАРХАН КАЮПОВ, «ЮЖАВТОТРАНС» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бес мыңнан аса ұсыныстар келіәп жатыр.әрқайсысына талдау жасалып жатыр. Зерделеніп жатыр. Бұл ата заң халыққа арналған заң болып шығады.
Бұл жиынға Шымкент қаласы бойынша «Ауыл» партиясының өңірлік филиал кеңесшісі ӘлФараби Мыңбай арнайы шақыртылған. Ол Конституциялық реформаның мәні мен маңызы жөнінде мазмұнды ойын жеткізді. Кездесу барысында еліміздегі саяси жаңғыру үдерістері, Конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қосатын үлесі кеңінен түсіндірді.
ӘЛ-ФАРАБИ МЫҢБАЙ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Бүгінгі жасалып жатқан реформаны қолдай отырып барлықтарыңызды шақырамын. Себебі бұл еліміздің басты құжаты. Біздің алдағы дамуымыз осы конституцияда қамтылған.
Жаңа Конституция – бұл елдің ұзақ мерзімді дамуын бағыттайтын темір қазық, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыратын негізгі құжат. Кездесуде сала мамандары өз ой-пікірлерін ортаға салып, реформалардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті