Шымкентте ескірген әлеуметтік нысандар жаңартылады. Мәселен №3 қалалық ауруханада күрделі жөндеу жұмысы басталып кетті. Кеңес дәуірінде салынған ғимарат толық жаңартылып, заманауи медициналық құрылғылармен толығады. Мемлекеттік мекеме талапқа сай қайта жабдықталады. Қолданысқа қайта берілген соң онда науқастарға көрсетілетін қызмет сапасы айтарлықтай жақсармақ.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
40 жылдық тарихы бар №3 қалалық аурухана жыл соңына дейін адам танымастай өзгереді. Олай дейтінім мұнда дәл қазір күрделі құрылыс жұмысы жүріп датыр. 1986 жылы іргетасы қаланған нысан соңғы рет 2011 жылы жөндеуден өтіпті. Қазіргі таңда аурухана 55 пацызы бос. Ол жерлерде құрылыс жұмысы жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін мұнда заманауи құрылғылармен толықтырылып, мамандар алыпкелінеді. Сондай-ақ жауаптылар аурухананы жыл соңында көпсалалы жетекші ауруханалардың қатарында болады деп отыр.
Үш қабатты нысанның жартысы құрылысқа жабылған. Қабырға жабындысы құлатылып, терезелер жаңасына ауыстырылып жатыр. Сонымен қатар, палаталар кеңейтіліп, мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы жағдай жасалады. Мұнда жөндеу жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Сондықтан емделушілер үшін аурухана жұмысы тоқтамайды.
Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Ал бақылаушы мекеме өкілі атқарылып жатқан жұмыстың қатаң бақылауда екенін айтты.
ҚАЙНАРБЕК ШУБАЕВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУШЫ
Мұнда жұмыс желтоқсан айында басталды. Желтоқсан айында 44 миллион тазалау жұмысы болды. Қаңтар айына 47 миллион тазалау болды. Қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар бұзу жұмыстары, одан кейін таза аймақ диді. Таза аймақтың сылағын жүргізіп жатыр. Электр жлілерін жүргізіп жатыр. Бұлардың барлығы жобаға сәйкес. А корпусының жартысын бұзыа жатыр. Қазіргі таңда пайызбен айтқанда 25 пайыз жұмыс атқарылды.
Жөндеу жұмысы барсында тек ескі ғимарат емес, инфрақұрылым да жаңарады. Заманауи диагностикалық құрылғылар орнатылып, жедел жәрдем және қабылдау бөлімдері қайта жасақталады. Бұл өзгерістер науқастарды қабылдау уақытын қысқартып, емдеу тиімділігін арттырады. Ал, босану бөлімшесінде жұмыс қалыпты жалғасып жатыр.
СӘРСЕН ПЕРНЕБЕК, № 3 ШІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Күрделі жөндеу жұмыстары бір жылға жуық уақыт жалғасады. Одан кейін аурухана мамандандырылған толыққанджы сапалы медициналық қызмет көрсететін ауруханаға айналады. Қазірдің өзінде біз ғимараттың 55-60 пайызын босатып бердік. Құрылысшылар демонтаж қалаужұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жерде қалған бөлімше босану бөлімшесі, балалар бөлімшесі, инфекциялық бөлімшелер. Наурыз айының соңына дейін жұмысын жалғастырады. 20 күннің көлемінде бұл ғимаратты да толық босатып беретін боламыз. Қалған аурухананың бөлімшелері қазіргі таңда екі жерде жалға алып жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Жаңғыртылатын ғимарат науқастарға қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек. Әлеуметтік нысанда жөндеу аяқталған соң қаладағы көпсалалы емдеу орындарының біріне айналады.