Түркістан төрінде Түлкібастық мәдениет қызметкерлері өнер көрсетіп, аудан тыныс-тіршілігінен хабар беретін қойылым сахналады. Ұлттық тағамдарға толы дастархан жайып, келушілерге салт-дәстүр, әдеп-ғұрып жоралғыларын таныстырды. Ұлттық ойындар дәріптеліп, спорттық сайыстар ұйымдастырылды.


Тұмса табиғаты таңдай қақтыратын Түлкібас өңірі – өнерлі мен білімдіге кенде емес. Салт сананы берік ұстанып, кейінгіге насихаттаумен келеді. Ауыл шаруашылығы дамыған өңір – гүл өсіруді де жүйелі жолға қойған. Көрген көздің жауын алатын сан түрлі гүлдер, қала тұрғындарына эстетикалық ләззат сыйлады.


СПИКЕР: СӘТБАЙ ҚАСЫМБЕК, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
 – «Ауданның ерекшелігі бізде жыл сайын гүл фестивалі өтеді. Осы фестивалға біздің тұрғындар өздерінің гүл шоқтарын әкеліп, гүл шаруашығын қалай дамытып жатқанын көрсету үшін жәрмеңкеге қатысып жатыр.» - 05 45


Түлкібастық өнерпаздар «Ата ұлды тәрбиелейді, ана ұлтты тәрбиелейді» атты қойылым сахналап, отбасы құндылығын жан-жақты көрсете білді.


ЫРЫСТЫ ӘЛІМБЕТҚЫЗЫ, БАЛЫҚТЫ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
– «Бүгін салт-дәстүрді тәріптеп, біздің көптеген ауылдық мәдениет үйлері өздерінің көріністерін көрседі. Ол өзі бес салт-дәстүрден тұрады.»



«Өнерлі өлке» фестивалі облыс аудандарын түгел қамтып, әр аймақтың өзіне тән ерекшелігін көрсетуді көздейді. Түркістан төрінде түлкібастықтар екі күн бойы өнер көрсетіп, тарқасты.