Түркістандық 34 бозбала әскерге аттанды. Олар медициналық комиссиядан, полиграфиялық тексеруден, жеке әңгімелесуден және психологиялық тұрақтылық сынақтарынан сәтті өтті. Болашақ сарбаздар алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтжесінде әскер қатарына алынып отыр.


Жас сарбаздар күзгі шақыру науқаны аясында облыстық жинақ бекетінен аттанды. Олар Алматы облысында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметінде борыныш өтейді. Солардың бірі – Дәурен Қуанышбай. Бозбала әскери өмірге дайын. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, еліне адал қызмет етпек ниетте.


 Бозбалаларды әскерге аттандырудың арнайы комиссиясы бекітілген. Өңір басшылығының қадағалауымен жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ол туралы арнайы жиында кеңінен айтылды. Мамандар жыл соңына дейін 18 бен 27 жас аралығындағы 2500 баланы сарбаздар қатарына қоспақ.


Сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді. Оларға қызмет ету кезінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі. Сонымен қатар кредиті бар бозбалалар берешегін кейінге шегеру мүмкіндігіне ие болады. Әскерден соң білім алғысы келетіндер үшін арнайы гранттар қарастырылған.