Шымкенттегі жеңіл атлетика спорт кешенінде каратэ шито-рюден ел чемпионаты басталды. Спорттық сайысқа еліміздің әр түкпірінен 13 команда жиналған. Сайыс үш күнге жалғасып жексенбі күні қорытындыланады.


Спорттық сайыстың өтудегі мақсаты бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және каратэ шито-рюден Қазақстан Республикасы құрама командасын анықтау. Іс-шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек спортшыларға сәттілік тілеп, елдің атын асқақтататын азамат болуын тіледі.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біздің еліміз мемлекетіміз, президетіміз осы спорттың дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Шымкент қаласында да спорттың дамуына ерекше жағдайжасалып келе жатыр. Мына сіздер жасөспірім жеткіншектер болашақта сол біздің еліміздің намысын қорғайды, көктуын желбіретеді деп сенеміз.


Спорттық жарысқа еліміздің әр өңірінен 13 команда, 800 жуық спортшы қатысып отыр. Сайыс жеңімпаздары азия чемпионатына жолдама алады. Үш күнге созылатын жарыс жексенбі күні қорытындыланады.


ТИМУР ШАТАЕВ – ЧЕМПИОНАТТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Қазақстанның түкпірінен келіп жас бадар бар, ерексектер бар арасында. Барлығы Шито рю каратэден Қазақстан чемпионаты болғалы жатыр. Осы жарыста Қазақстанның жаңағы категориясы бар 40 төреші бар. Оның арасында жиырма шақтысы халықаралық дәрежедегітөрешілер.


Спорттық шараның ашылуында Филипин елінің Манила қаласында өткен ХХII Азия чемпионатының жеңімпаз және жүлдегерлерді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы және Шымкент қаласының каратэ спортының дамуына үлес қосып жүрген ардагерлері марапатталды.