Түркістанда «Алтын күз» әуендері шырқалды. Қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерті ашық аспан астында өтті.


Мәдени кеш қала әкімдігінің қолдауымен жетіде екі рет өткізіліп жүрген-ді. Кезекті шара шаһарға күз мезгілінің жеткенін жариялағандай әсер қалдырды. Киелі мекеннің алты нүктесінде қатар өтетін концертке тұрғындар да разы. Кешкі серуенді көңілді өткізуге атсалысқан өнерпаздарға алғыстары да ерекше. Ерте көктемде басталған әуезді ән кештері қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Осы уақатта қала тұрғындары мен қонақтары үшін жергілікті әртістермен қатар еліміздің өнер майталмандары да ән шырқап, Түркістан аспанын әуенмен әрледі.


ШӘКЕН АМАНТҰРОВ, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Күз келді. Соған байланысты «Алтын күз әуендері» атты біздің Түркістан қаламызда 6 сектор бар. Сол 6 секторда осындай концерттер беріп жатырмыз.