Экономиканы әртараптандыра отырып, оның құрылымын өзгерту – ел дамуының басты бағыты болуы тиіс. Сонда ғана еліміздің әлеуетін күшейте аламыз, - деді Президент Жолдауда. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті ұжымымен кездескен экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден мұндай өзгеріс ел халқының табысын арттырады деп есептейді.


Экономиканы қарқынды дамыту үшін үкімет тек мемлекет қаржысына сеніп әрекет етуі дұрыс емес. Инвестиция тарту арқылы іскерлік белсенділіктің артуына қолайлы жағдай жасаған жөн. Ол үшін ең алдымен, салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Жолдауда айтылған осындай басым бағыттар мемлекеттің қаржылық қуатын арттыруға негіз болмақ.


ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН, ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Жақсы өмір экономикамен келеді. Міне, сол себепті Президент эконмикаға мән беріп отыр. Ал экономикалық құрылымды өзгерту, инвестициялар салу керек. Осының бәрі ақша арқылы болады. Қарапайым тілмен айтсақ, өзіміз өндірмейінше, өспейміз.


Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, жұмыспен қамту, отбасы құндылығы секілді бағыттарда бірталай жұмыс іске асырылып жатыр. Сондықтан жас буын үкімет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барын сезінуі керек. Жолдауды қолдаған шымкенттік жастар осындай пікірде.


 БЕКДӘУЛЕТ ТАСБОЛАТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Жолдау елдің әлеуметтік ахуалын жақсартатын негізгі құжат. Сондықтан шымкенттіктер оны қолдап, жүйелі жүзеге асуына ықпал етпек.