Шымкенттегі 281 көшенің атауы жоқ. Сондай-ақ, бір атау екі не одан көп қайталанатын 84 көше анықталған. Қазір дәстүрлі атаулар мен жер-су аттары зерделеніп, нұсқалар әзірленіп жатыр. Қоғамдық тыңдау өткізіліп, халық пікірі тыңдалмақ.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ:

Рейдттік шаралар нәтижесінде көше атауы мен үй реттік номері қате көрсетілген, тозығы жеткен 18 мыңға жуық тақтайша анықталған. Оған сәйкес қала бюджетінен тиісті қаржы бөлініп, жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.


БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– Біз енді міне көше тұр, мына көшеге мына атауды бере салайық деген мәселе емес. Бұл недеген заңдық процедруалардан өтеді. Бұл жерде халықтың пікірі бірінші орында. 


Қала аумағы тағы төрт мәдени ғимаратпен толығады. Олар: «Көкбұлақ», «Қайнарбұлақ», «Қаратөбе» және «Өтеміс» мәдени кешендері. Соңғы нысанның құрылысы 95 пайызға аяқталған. Жуырда пайдалануға берілмек. Сондай-ақ «Тоғыс» тұрғын алабында орналасқан «Қазығұрт» мәдениет үйі мемлекетке қайтарылды. Қазір құжаттары әзірленіп, жөндеу жұмыстары басталған.


БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– Қайнарбұлақ бұл дайын тұр, қыркүйекте уже пайдалануға берілмек. Одан бөлек қаратөбе, өтеміс, көкбұлақ та. Тура осы искизде көрсетілгендей салынды, осы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ:

Айта кетейік, қала аумағындағы 22 насанды біріктіріп отырған Мәдениет басқармасы алғашқы жартыжылдықта 16 ресми іс-шара өткізген. Ал басқармаға қарасты өнер мекемелері үш мыңнан аса іс-шара жасап, екі милионға жуық көрерменді баураған.