«Әділетті Қазақстан – адал азамат – озық ойлы ұлт» тақырыбындағы адалдық сағаты өтті. Бұл іс шара бір мезгілде қаладағы барлық білім беру мекемелерінде ұйымдастырылды. Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмысын жетілдіру, - дейді ұйымдастырушылар..


 «Адалдық сағаты» М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде де өтті. Жоғары оқу орнына жаңа қабылданған студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамның басын қосқан жиынға Антикор өкілдері атсалысты. Олар сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында сана мен мәдениетті арттыру қағидаларын насихаттады.


Университеттің Басқарма Төрағасы–ректор м.у.а. Қайрат Еңбекшіұлы да оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Комплаенс-қызметінің маңызы және академиялық адалдықты тұрақты ілгерілету туралы ақпарат берді.

2024-2025 оқу жылында университеттің 1 курсына 6 мыңнан астам білім алушы қабылданған. Олармен академиялық адалдықты сақтау бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Енді ғана студент атанғандар сыбайлас жемқорлық жағдайының куәсі болса, бірден коплаенс қызметіне жүгіне алады.

Кездесуде қонақтар жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастырудың маңызын, сыбайластық фактілерін хабарлау мен жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың өзектілігін түсіндірді. Мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға үлес қосуға шақырды.