Шымкентте алғаш рет аурухана базасында госпиталдық фармация бөлімшесі ашылды. Жаңа орталық балалар денсаулығын жақсартуға оң ықпал етпек. Цифрландырудың нәтижесі қандай болмақ? Жаңа мекеменің артықшылықтары мен тиімділігі неде? Тақырыпты тілші тарқатады.
Бөлімше қажетті жабдықтармен толық қамтылған. Медициналық және ламинарлық шкафтар, ротациялық орау машинасы қойылған. Дәрілік заттарды уақытылы, сапалы дайындап, пневматикалық пошта арқылы медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу негізгі міндетіне жатады.
НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
-- Бұл бөлімше дәріні тиімді роционалды пайдалануға керек Баланың салмағына баланың керектігіне орай дәрігер дәрі тағайындайды.
Дәрі тағайындаған кезде пневмапочтамен жіберіледі. Ол 10-15 секунд ішінде бөлімшеде пайдаланылады. Бастысы пациенттерге препаратты жеткізу жүйесі цифрланадырылады. Дәрі-дәрмектердің саны автоматты түрде бақыланады. Сонымен қатар дұрыс емес тағайындаулар мен емдеу қаупі азаяды.
БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
--Бұл өте ыңғайлы 1-ден санитарлық талаптар 2- дәрілердің қауіпсіздігі 3-экономия болады
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы биыл тағы 6 медициналық ұйымды госпиталдық фармация бөлімімен қамтамасыз ететінін айтты. «Бұл арқылы дәрілік заттарды ұтымды пайдалана отырып бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге болады» - дейді қаланың бас дәрігері.