Ғылым мен техника дамып, көз ілеспес қарқынмен жетіліп келеді. Соған сай білім беру саласы да тың жаңалықтармен толығып, сабақ өту әдістері жаңғыруда. Студент санасына сапалы білім сіңіру үшін мұғалім де біліктілігін арттырып отыруы қажет. Осы ұранды бетке алған Ө.Жәнібеков университетінде Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі өтті. Шарада еліміздің түрлі аймақтарынан келген білікті мұғалімдер тәжірибе алмасып, ой бөлісті.

Басты тақырып – озық ойлы педогог қалыптастыру. Осы мәселе аясында тәжірибелі мамандар пікір алмасып, әдістемелелік құралдарымен бөлісті. Ал жергілікті университет – студент санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру басым бағыт деп есептейтінін алға тартады.

 ГҮЛЖАН  СҮГІРБАЕВА, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫ  М.А

 – «Қазіргі таңдағы біздің брендіміз деп айтуға болады, біз ұлттық құндылықтарды дәріптейміз. Қазір мына бірінші сессияда осы мәселелердің барлығын талқылап жатырмыз.

 Ресбуликалық оқу-әдістемелік мәжіліске педагог тәрбиелеуші университет өкілдері қатысты. Олар жиында жаңа үрдістер мен оқыту әдістерін талдап, сүзгіден өткізді. Айтуларынша, білім бағдарламасын әзірлемес бұрын ауыл-аймақ мектептерін зерделеп, қандай маман қажетін анықтаған жөн.

 БАНУ НАРБЕКОВА, АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ПРОРЕКТОРЫ  
 – Мектептерде кафедралар ашып жатырмыз. Ондағы мақсат сол мектептерде жұмыс істеп жатқан мұғалімдерді оқу процесіне тарту.» Өйткені ол жақсы жақтарын да  жаман жақтарын да көріп отырады.

 Жиын погогтердің өзара пікір алмасуымен өрбіп, түрлі ұсыныс тастаумен түйінделді.