Шымкент прокуратурасы азаптауға қарсы! Естеріңізде болса, үш жыл бұрын қалалық полиция департаментінде азапталған азамат қаза тауып еді. Ішкі істер органының бұрынғы қызметкерлері бүгінде түрмеде отыр.
2021 жылдың желтоқсаны. Полиция департаментінің 5-ші қабаты. Автокөлікті ұрлау дерегі бойынша күдікке ілікке азамат ішкі істер қызметкерлерінен қысым көреді. Салдарынан сол 507 кабинетте қаза табады. Күдіктіні азаптаған полицейлер бүгінде жазасын өтеп жатыр.
БАҚЫТБЕК НАРҚОЗИЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.
Осындай заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында Шымкент қаласы прокуратурасы күдіктіге, қылмыскерге күш көрсетудің алдын алу шараларын пысықтады. Орган қызметкерлерінің санасына азаптауға мүлдем төзбеушік қағидатын қалыптастыруды мақсат етті. Форумға құқық қорғау және арнайы органдарының басшылары, кәсіби сарапшылар, судялар мен адвокаттар,өңірдегі адам құқығы жөніндегі уәкіл де қатысты.
НҰРЖАН ӘБДЕЗОВ, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨКІЛ
Іс-шара барысында азаптаудың алдын алудың тиімді жолдарын шешуге бағытталған кешенді шаралар талқыланып, профилактикалық шаралардың пәрменділігін арттыру жөнінде тапсырма берілді. Прокуратура органдарының барынша ашықтығы және азаптаулардың алдын алудың мәселелері бойынша конструктивті диалогқа дайын екенін атап өтті.