Келер жылдан бастап елімізде уран өндірісі ұлғайып,  экспортқа жіберілетін дайын өнім тағы 4 мың тоннаға артпақ. Ол үшін өндірістік технологиялар жетілдіріліп, шикізаттың мол қоры бар  кен орындарында барлау жұмысы жүргізіле бастайды. Мұнан бөлек уран құрамындағы  ілеспе металдарды кәдеге жарату ісі де қолға алынбақ.
 Бетпақдаланың мидай жазығындағы 7 жарым гектарда осындай бір жарым мың ұңғыма бар. Құбырлардың жартысынан көбі күкірт қышқылын жер астына сіңіріп, шикізатты шаймалайды. Ал қалғаны  650-700 метр тереңдіктен шикізатты  сорып шығарады. Мұның барлығы автоматты түрде атқарылады.
 НҰРЖАН ҚАЛДЫБЕКОВ, ГЕОТЕХНОЛОГИЯ АЛАҢЫНЫҢ БАСШЫСЫ
    -  Бұл  әдіс - ең тиімді әдіс. Экологиялық жағынан қарағанда және өнімділік жағынан қарағанда. Негізі біз оны жер бетіне  шығармаймыз. Жер астында ерітіп, қабылдау және тарату қондырғысына эеткіземіз.
   Шикізат  зауытта бірнеше өңдеуден өтеді.  Тұндырылады. Сүзіледі. Қыздырылып, кептіреледі. Алынатын дайын өнім - уран тотығы. Оның бір киллограмының қуаты көмірден 90 есе, газдан 45 есе көп. Қаратау кенішіндегі қазір күніне осындай 16 киллиограмм дайын өнім шығады. 
ӘДІЛ ФАЙЗУЛЛАЕВ, АФФИНАЖ ЦЕХЫНЫҢ АУЫСЫМ ШЕБЕРІ
Жоғары қысымда сығып, ылғалын аламыз. Сумен ішіндегі  тұздарын жуамыз. Оны ауамен кептіріп пешке түсіреміз. Пештен шыққан уран оксиді болып шығады.
  Қазір еліміз бойынша Қаратау секілді 26 кен орнында уран өндіріледі.     Биыл 22 мың 500 тонна дайын өнім алынбақ. Оның жартысы Қытайға, үштен бірі Еуропа елдеріне экспортталады. Өнімді көбейту үшін «Қазатом өнеркәсібі» ұлттық компаниясы тағы екі кен орнында барлау жұмысын бастағалы отыр. Мұнан бөлек тағы үш аймақ жоспарда бар. Шикізатты өңдеу кезінде бөлінетін ванадий, скандий және литий секілді бағалы металдардың да өндірісі қолға алынбақ.
   ҚУАНЫШ ОМАРБЕКОВ, «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-Ы БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
     - Сондықтан техникалық институттар, университеттермен қосылып, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Осы жұмыстарымыздың нәтижесі оң болып жатса, бұл бөлікті Қазатампром негізгі қызметтеріне қосып жасайтын болады.
     Ұлттық компания жұмысшыларға қолайлы жағдай жасаумен бірге әлеуметтік жобаларға да ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Соңғы 3 жылда бұл іске 2 жарым миллиард теңгедей қаржы жұмсаған.