Қазақстан ұлттық құрамасы көкпардан көш бастады. Финалдық сында ел спортшылары Қырғыстан құрамасын жеңді.

 Ойынның бірінші бөлімінде  3:1 есебімен жеңіліп жатқан отандастарымыз, екінші кезеңде  таразы басын теңестірді. Жеңімпаз негізгі бөлімде анықталмаған соң, қосымша уақыт белгіленді. Мүмкіндікті пайдаға асырған ұлттық құрама мүшесі Тұрғанбек Құрманбек қарсыластан айласын асырып, жеңіс салымын салды. Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама Өзбекстанды, 16:0, Америка құрама штаттарын 18:0, Ресей құрамасы 18:2 есебімен ойсырата жеңіп, артық сынға жолдама алған болатын.