Ит-мысыққа бөлінген миллиондар қалай игеріліп жатыр? Иесіз иттерді аулау жұмысы қай деңгейде? Жаңа оқу жылы басталысымен баласының қауіпсіздігіне алаңдаған жұрт көп. Биылдың өзінде мыңға жуық адам қаңғыбас төрт аяқтылардан зардап шеккен екен. Тақырыпты тілші тарқатады.
  Шымкентте ресми дерек бойынша ит саны 100 мыңға жетеді. Бұл иесі бары ғана. Ал қаңғыбас үй жануарлары есепке алынбайды, арнайы тіркелмейді. Соның салдарынан олардан зардап шегіп жатқандар көп дейді,- белсенділер.

 МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЕВ, ЖСДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
--Қалалық нөмірі 2-ші ауруханаға жыл басынан бері мыңға жуық адам қаңғыбас иттерден зардап шегіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оның жартысы оқушылар мен студенттер. Ең соңғы жағдайда 70 жастағы бір кісі саусағынан айырылған. Оны ондағы дәрігерлер де растап отыр.

Қаңғысбас иттерді аулауға бюджеттен 98 миллион теңге бөлінген. Дегенмен оларды ұстағанымызбен арнайы панажайға апарып, екпе салумен ғана шектеліп отырмыз, - дейді жауаптылар. Себебі, бүгінде кастрация және стрилаизация жұмысы тоқтап тұр екен. 


Нақты есепте бар ит-мысыққа жоспарлы түрде вакцина салып, құтырма және түрлі жұқпалы аурудан қорғалады. Жалпы 18 мыңға жуық иесіз ит ұсталған. Ал оның екі мыңы ғана арнайы панажай мен еріктілердің қолына өтсе, қалғаны өкінішке қарай, өлтірілген.  
 Қаланы қаңғыбас иттердің көбеюін сала мамандары зообелсенділермен де байланыстырып отыр. Яғни аулау жұмысын көрген тұрғындар қарсылық танытатын көрінеді.